Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігінде «Ана мектебі» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен темекі шегудің алдын алу бойынша ақпараттық шара өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігінде «Темекінің зияны» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар мен тұрғындарға темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.

Кездесу барысында темекінің адам ағзасына әсері, оның салдары, сондай-ақ денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттар айтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, мамандарға сұрақтарын қойды.

Салауатты өмір салтын таңдау – жарқын болашақтың кепілі!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda