«Ана мектебі» қоры №5 мектепте темекінің зиянына байланысты ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №5 мектеп-лицейінде «Темекінің зияны» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.

Кездесу барысында темекінің ағзаға әсері, оның адам өміріне келтіретін қауіптері туралы айтылып, оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастарды спортпен айналысуға, дұрыс өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстары жүргізілді.

Салауатты ұрпақ – ел болашағы!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
14.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda