№28 лицейде «Ана мектебі» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен темекіге қарсы профилактикалық шара өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №28 лицейінде «Темекі шегу және оның салдары» тақырыбында профилактикалық шара өткізілді.

Шара барысында оқушыларға темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зияны, оның ағзаға әсері және зиянды әдеттің болашақ өмірге кері ықпалы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, темекінің жүрек, өкпе және жүйке жүйесіне тигізетін зардаптары түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, зиянды әдеттерден аулақ болып, денсаулықты сақтау әр адамның басты міндеті екені түсіндірілді.

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
14.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda