"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №89 мектепте 4, 5 және 6 -сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға пайдалы тағамдардың маңызы, дәрумендердің ағзаға пайдасы, фастфуд пен газдалған сусындардың зияны туралы түсіндірілді.
Оқушылар дұрыс тамақтану ережелерімен танысып, денсаулықты сақтаудың қарапайым жолдарын үйренді. Шара барысында балалар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екені айтылып, оқушыларға пайдалы әдеттерді күнделікті өмірде сақтау ұсынылды.