«Ана мектебі» ҚҚ №3 қалалық емханада «Денсаулық мектептері» пациенттеріне арналған семинар өткізді.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен қалалық емханалардың бірі Астана әкімдігінің базасындағы "3 қалалық емханада" «Денсаулық мектептері» пациенттеріне арналған семинар өтті.

Семинардың алғашқы тақырыбы - аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттердің алдын алу, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту және созылмалы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Мамандар тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда профилактиканың маңыздылығын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Денсаулық — әр адамның басты байлығы!
Аурудың алдын алу — ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің кепілі.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
20.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda