«Ажар» балабақшасында балалар жарақатының алдын алу шарасы өтті
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Астана қаласы , "Ажар" жекеменшік балабақшасында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Балалар жарақатының алдын алу» тақырыбында анимациялық бейнежазба көрсетілді.

Бейнежазба барысында тәрбиеленушілерге үйде, көшеде, ойын алаңында және балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Балалар қауіпті жағдайларды танып-білуге және өз қауіпсіздігін сақтаудың маңызын ұғынуға мүмкіндік алды.

Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерге қауіпсіз өмір салтының негіздері үйретіліп, жарақаттанудың алдын алу мәдениеті қалыптастырылады.

Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі - баршамыздың ортақ міндетіміз!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
02.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda