«Тайлак» балабақшасында дұрыс тамақтану бойынша дәріс өтті
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Тайлак" жекеменшік балабақшасында тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ата-аналарға арналған "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барысында дұрыс тамақтанудың маңызы, балалардың күнделікті ас мәзірінің құрамы, дәрумендер мен пайдалы микроэлементтердің ағзаға әсері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ фастфуд, газдалған сусындар мен тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтынудың зияны түсіндірілді.

Мамандар ата-аналарға балалардың тамақтану тәртібін сақтау, көкөністер мен жемістерді көбірек пайдалану, таза су ішу мәдениетін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Осындай іс-шаралар балалардың денсаулығын сақтауға, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға және отбасы мүшелерінің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
02.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda