"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Тайлақ" жекеменшік балабақшасында кішкентай бүлдіршіндермен керемет кездесу және «Денсаулыққа пайдалы тағамдарды боя» ойыны өтті.
Балалармен қызықты әрі танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында бүлдіршіндер денсаулыққа пайдалы көкөністерді, жемістерді және басқа да пайдалы тағамдарды таңдап, оларды түрлі түстермен бояды.
Бұл іс-шараның мақсаты - балалардың дұрыс тамақтану туралы түсінігін қалыптастыру, пайдалы тағамдарға деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтының маңыздылығын үйрету.
Боямақ барысында балалар шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қандай тағамдардың ағзаға пайдалы екенін де білді.