"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Артериялық гипертонияның алдын алу» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға артериялық қысымның жоғарылау себептері, қауіп факторлары және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қан қысымын тұрақты бақылаудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа тигізетін оң әсері түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.