«Шипагер» орталығында кәсіби
күйіп кетудің алдын алу семинары өтті
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Шипагер"алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында қызметкерлерге арналған "Кәсіби күйіп кетудің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында кәсіби күйіп кету синдромының негізгі белгілері, оның пайда болу себептері және психологиялық денсаулықты сақтаудың тиімді тәсілдері талқыланды. Қатысушылар эмоционалдық шаршаудың алдын алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау, күйзелісті басқару және ішкі ресурстарды қалпына келтіру жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.

Іс-шара қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайтуға, жұмыс тиімділігін арттыруға және қолайлы ұжымдық ортаны қалыптастыруға бағытталды.

Психологиялық денсаулық - сапалы өмір мен табысты жұмыстың маңызды кепілі!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
05.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda