"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №2 Қалалық емханада қызметкерлерге арналған «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерінің әрекет ету алгоритмі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында медицина қызметкерлері пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын, шиеленісті жағдайлардың алдын алу жолдарын және агрессия белгілерін ерте анықтау әдістерін талқылады.
Қатысушылар агрессивті мінез-құлық танытқан пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі іс-әрекет алгоритмімен танысып, кәсіби қауіпсіздікті сақтау, эмоцияларды басқару және жанжалды жағдайларды тиімді шешу бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін
арттыруға және пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.