"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №5 Қалалық емхана қызметкерлері үшін «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі медицина қызметкерінің әрекет ету алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас орнату, шиеленісті жағдайлардың алдын алу, агрессия белгілерін ерте анықтау және қауіпсіз мінез-құлық алгоритмдерін қолдану мәселелерін талқылады.
Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пациенттермен өзара әрекеттесу сапасын арттыру.
Семинарға белсенді қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!