Кездесудің мақсаты – тұрмыстық, өндірістік, спорттық және жол-көлік жарақаттарының алдын алу жөнінде қатысушылардың білім деңгейін арттыру, сондай-ақ жаз мезгілінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында күнделікті өмірде және өндірісте қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол қозғалысы кезінде жауапкершілік таныту, спортпен айналысу кезіндегі сақтық шаралары мен төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, денсаулық пен өмірді сақтаудың ең тиімді жолы – қауіпсіздік талаптарын әрдайым сақтау екенін атап өтті.