М. Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінде "Ана мектебі" қоры 15–17 жастағы жасөспірімдерге арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жарақаттанудың алдын алу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрттің және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.

Кездесу барысында қатысушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары таныстырылды. Сондай-ақ су айдындарында демалу кезінде, жол қозғалысына қатысқанда және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауда жауапкершілік танытудың маңызы ерекше атап өтілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге ықпал етеді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
29.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda