"Аққанат" балабақшасында – салауатты өмір
салтына бастар қадам!
"Ана мектебі" ҚҚ қорының ұйымдастыруымен "Аққанат" балабақшасында тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және тұрақты дене белсенділігіне қызығушылығын қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық және қимылды ойындар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар жаттығуларды қызығушылықпен орындап, ептілік, жылдамдық, төзімділік және ұйымшылдық қасиеттерін көрсетті. Белсенді ойындар мен дене жаттығулары олардың физикалық дамуына оң әсер етіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Біздің мақсатымыз – әр баланың дені сау, белсенді әрі бақытты болып өсуіне жағдай жасау. Өйткені денсаулық – жарқын болашақтың кепілі!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
30.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda