"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен 22 мектеп-гимнащиясында оқушылар арасында салауатты тамақтану қағидаларын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға тиімді әрі теңгерімді тамақтанудың маңызы, күнделікті тағам рационында дәрумендер мен пайдалы өнімдердің болуы, қантты сусындар мен фастфудты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың семіздік пен дұрыс тамақтанбаудан туындайтын созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алудағы рөлі түсіндірілді.