Осы мақсатта "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №67 І.Есенберлин атындағы мектеп-гимназиясында тұрмыстық, мектепішілік және жол-көлік жарақаттарының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.