Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, тұрақты дене белсенділігі, артық салмақтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың қант диабетінің алдын алудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтынудың зияны, күнделікті қозғалыстың пайдасы және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы пайдалы ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастырып, болашақта созылмалы аурулардың алдын алуға ықпал етеді.