«Ана мектебі» қоры «Аспан» емханасында 29 жастан асқандарға арналған психикалық денсаулықты сақтау шарасын өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар күйзелістің, эмоционалдық қажудың (күйіп кетудің), мазасыздық пен депрессиялық жағдайлардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды.

Сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, эмоцияларды тиімді басқару, демалыс пен еңбек режимін дұрыс үйлестіру, уақытылы маман көмегіне жүгінудің маңыздылығы талқыланды.

Мамандар психикалық денсаулықтың адамның жалпы өмір сапасына, еңбек өнімділігіне және отбасындағы қарым-қатынасқа тікелей әсер ететінін атап өтті. Қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, күнделікті өмірде психологиялық саулықты сақтауға көмектесетін пайдалы кеңестермен танысты.

Осындай ағартушылық іс-шаралар қоғамда психикалық денсаулық мәдениетін қалыптастырып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
07.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda