Тұрақты түрде білім мен тәжірибені жетілдіру медицина қызметкерлеріне:
🔹 созылмалы аурулардың қауіп факторларын ерте анықтауға;
🔹 халыққа сапалы профилактикалық кеңес беруге;
🔹 салауатты өмір салтын насихаттауға;
🔹 аурулардың асқынуы мен таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Әрбір қабылдау барысында қауіп факторларын бағалау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, темекі мен алкогольден бас тарту жөнінде кеңес беру – тұрғындардың денсаулығын сақтауға қосылған маңызды үлес.