"Арман" балабақшасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған «Дұрыс тамақтану – дені сау ұрпақтың негізі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың дұрыс тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, пайдалы тағамдарды таңдау дағдыларын дамыту және денсаулықты сақтауға ықпал ететін жақсы әдеттерді тәрбиелеу.
Кездесу барысында бүлдіршіндер көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы, дәрумендердің маңызы, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық ойындар, сұрақ-жауаптар мен көрнекі материалдар арқылы балалар дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсерін түсінді.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар балалардың салауатты өмір салтын ұстануына негіз қалап, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады.