"Арман" балабақшасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жеке бас гигиенасының қарапайым дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіз тамақтану мәдениетін үйрету, жіті ішек инфекцияларының алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау әдетін дамыту.
Кездесу барысында балаларға қолды дұрыс жуу, жеміс-жидек пен көкөністерді тұтынар алдында міндетті түрде жуу, таза су ішу, тағамды ұқыпты пайдалану және тазалық сақтау ережелері түсіндірілді. Ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы бүлдіршіндер денсаулықты сақтаудың қарапайым қағидаларын меңгерді.