"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің «Аққу» №7 бөбекжайында балалар мен ересектерге арналған денсаулықты нығайтуға бағытталған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен ересектердің жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру арқылы денсаулықты қорғау жөніндегі білімдерін арттыру.
Кездесу барысында қатысушылар қолды дұрыс жуу, жеке тазалықты сақтау, жөтелу және түшкіру әдебі, аурудың алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қарапайым гигиеналық ережелерді сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.