Толидодағы есірткі ахуалы: Огайо штатындағы легализацияның салдары мен сарапшы пікірі.
Қорымыздың басшысы Баян Орынбасарқызы АҚШ-тың Огайо штаты, Толидо қаласына барған сапарында Лукас округінің Психикалық саулық және наркология департаментінің Қоғаммен байланыс директоры Майкл Картермен сұхбаттасып, өңірдегі есірткі ахуалын талқылады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы референдумнан кейін 2024 жылы Огайо штатында рекреациялық каннабис заңдастырылған болатын. Жақтаушы тарап бұл қадамды экономикалық пайдасымен түсіндіргенімен, М. Картер бұл шешімнің ұзақ мерзімді перспективада адам капиталына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.

Негізгі мәселелер мен қауіптер:

  • Жасөспірімдер арасында таралуы: Каннабис қосылған вейптер, кондитерлік өнімдер мен сусындар көбейіп, «21+» заң талабы бұзылуда. Өнімдер тіпті 11–13 жастағы балалар арасында заңсыз сатылып, тұрмыстық уланулар жиілеген.
  • Бақылау мен тексерудің қиындауы: «Заңдастырылған» мәртебесі профилактикалық жұмыстарды қиындатты. Мас жүргізушілер көбейгенімен, құрамы үнемі өзгеріп отыратын жаңа есірткі түрлерін арнайы аспаптармен анықтау қиынға соғуда.
  • Синтетикалық есірткі қаупі: Өңірдегі ең үлкен қауіп — «дәріханалық есірткі». Статистикаға сәйкес, заңсыз айналымнан қайтыс болғандардың 88%-ы фентанилді шектен тыс пайдаланудан ажал құшқан.
  • Қаржыландырудың азаюы: Билік ауысқаннан кейін бұл бағыттағы профилактикалық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру көлемі қысқарған.

М. Картер бұл бағыттағы қосымша зерттеу материалдарын бөлісуге уәде берді. Нашақорлық — бүкіл адамзатқа төнген ортақ қауіп, сондықтан бұл мәселемен бүкіл әлем болып бірігіп күресу қажет.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
20.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda