«Ана мектебі» қоғамдық қорының басшысы Баян Орынбасарқызы АҚШ-қа жасаған сапары аясында Огайо штатындағы «HOPE Toledo» (Толидо үміті) ұйымының өкілдері — Аала Элдеиб (Aalaa Eldeib) мен инклюзивті білім беру саласының маманы Элиса Хасс-Хейджбен (Elisa Huss-Hage) ресми кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы — балалар денсаулығын сақтау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу (инклюзия) және мектепке дейінгі даму жүйесін жетілдіру болды.
Балалардың саулығы мен инклюзивті қоғамды дамыту — шекара таңдамайтын ортақ міндет. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ана мен бала денсаулығын қорғау және инклюзия саласында ақпараттық-тәжірибелік ынтымақтастықты қорымыз жалғастыруда.