"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Ажар"
балабақшасының бүлдіршіндерімен керемет кездесу өтті.
Балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында балабақшамызда «Пайдалы дәрумендер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында бүлдіршіндер дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсініктерін кеңейтіп, жемістер мен көкөністердің құрамындағы пайдалы дәрумендермен танысты.

Балалар қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, пайдалы тағамдарды ажыратуды үйренді. Ойын арқылы өткен сабақ олардың білімін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастырды.

Дәруменге бай тағам – дені сау бала!
Бала денсаулығы – біздің басты байлығымыз!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
03.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda