«Отбасылық дәрігерлер клиникасы» ЖШС базасында
«Ана мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен емшекпен емізуге арналған семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың емшек сүтімен қоректендірудің артықшылықтары туралы ақпараттануын арттыру, бала емізетін аналарға қолдау көрсету және ана мен бала денсаулығын нығайтудағы емізудің маңызды рөлін түсіндіру.

Семинар барысында қатысушыларға: • ана сүтінің ана мен бала денсаулығына пайдасы;
• емшекпен емізудің бала дамуына әсері;
• бала емізетін ананы қолдаудың маңызы;
• дұрыс тамақтану және салауатты әдеттер туралы пайдалы ақпараттар берілді.

Емшек сүті – нәресте үшін ең табиғи әрі құнды қорек.
Ана мен бала арасындағы ерекше байланысты нығайтып, баланың дұрыс өсуі мен дамуына маңызды үлес қосады.

Бала денсаулығы – отбасы денсаулығы!
Емшекпен емізуді қолдайық, аналарға бірге қолдау көрсетейік!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
03.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda