«№6 қалалық емханада» «Ана мектебі» ҚҚ ұйымдастыруымен ана сүтімен қоректендіру және оны қолдаудағы медқызметкерлердің рөлі туралы семинар-тренинг өтті.
Семинардың негізгі мақсаты - баланы емізу мәселелері бойынша қатысушылардың білім деңгейін арттыру, бала емізетін әйелдерге кеңес беру және қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттану деңгейін сауалнама арқылы бағалау.

Іс-шара барысында қатысушылар баланы емізудің негізгі қағидаттарын, анаға көрсетілетін кәсіби қолдаудың маңыздылығын және дұрыс кеңес берудің ана сенімін қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Сонымен қатар қатысушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Анаға көрсетілген қолдау - баланың және тұтас отбасының денсаулығына жасалған қолдау. Әрбір ана баласын емізу кезеңінде дұрыс ақпаратқа, кәсіби кеңеске және жан-жақты қолдауға ие болуы маңызды.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
05.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda