№12 «Қарлығаш» балабақшасында «Ана мектебі» ҚҚ ұйымдастыруымен балаларға жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша танымдық сабақ өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №12 "Қарлығаш" балабақшасында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға жедел ішек инфекцияларының не екені, оның қалай таралатыны және қарапайым сақтық шаралары арқылы аурудың алдын алуға болатыны ойын және түсінікті әңгіме түрінде түсіндірілді.

Балаларға:
- тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
- қауіпсіз әрі таза ауызсу пайдалану;
- көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу;
- тек таза, жаңа және қауіпсіз тағамдарды тұтыну;
- жуылмаған тағамдар мен тексерілмеген жерден алынған суды пайдаланбау керектігі айтылды.

Сонымен қатар балаларға өздерін жайсыз сезінген жағдайда міндетті түрде ересектерге айту және медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттігі ескертілді.

Тазалықты сақтау – денсаулықты сақтаудың ең қарапайым әрі маңызды қадамдарының бірі!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda