«Ана мектебі» ҚҚ №6 емханада
«Өкпе обырының алдын алу» семинарын өткізді.
Семинар барысында өкпе обырының негізгі қауіп факторлары, оның ішінде темекі шегу мен темекі түтінінің әсері туралы маңызды ақпарат берілді. Қатысушыларға темекіден бас тартудың, пассивті темекі түтінінің әсерін азайтудың және қоршаған ортадағы зиянды факторлардан сақтанудың маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар тыныс алу жүйесі ауруларын ерте анықтау, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту және денсаулыққа алаңдататын белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгіну мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ұзақ уақытқа созылған жөтел, ентігу, кеуде тұсының ауыруы, қан түкіру және басқа да белгілерге немқұрайлы қарамаудың маңыздылығы айтылды.

Семинар соңында қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану және онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

🌿 Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — аурудың алдын алудың маңызды қадамы.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda