Қазақстанда медицинаға деген көзқарас өзгеруде
Асқынған дертті емдеуден оның алдын алуға көшу — Қазақстан медицинасының басты бағыттарының бірі. Өзгерістер бой көрсете бастады: мектептерде зиянды тағамдар мен тәтті сусындарға шектеу қойылып, ас мәзірі қатаң бақылауға алынды. Сондай-ақ тұрақты скринингтер енгізіліп, емханаларда превентивті медицина мамандары жұмыс істейтін болады.
Денсаулықты сақтауда екпе салудың да маңызы зор. Дегенмен шынайы ақпараттың аздығынан кейбір ата-аналар вакцинациядан бас тартып, ұмыт болған қауіпті дерттердің қайта таралуына жол беріп отыр.
Біздің мамандардың қатысуымен өткен эфирдің толық нұсқасы