Күнбағыс майы зиян ба? Маман жауабы
Әлеуметтік желілерде күнбағыс майының адам ағзасын улайтыны туралы пікірлер жиі айтылады. Осыған орай бұл ақпараттың қаншалықты ғылыми негізі бар екенін анықтау үшін арнайы мамандар бірге зерттеу жүргізді.

Бұл тақырып төңірегінде Астана медицина университеті жанындағы Академик Е. Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, нутрициология магистрі, біздің қорымыздың маманы Жанна Нұрберген өз ойын бөлісті.

Нутрициологтың айтуынша, күнбағыс майының «суық сығымдалған» (тазартылмаған) түрі ағзаға өте пайдалы, өйткені оның құрамында дәрумендер мен маңызды май қышқылдары бар. Алайда, ел ішінде жиі қолданылатын тазартылған (рафинирленген) майда мұндай пайдалы заттар болмайды.

Жанна Нұрберген дұрыс тамақтануды асханадағы майды өзгертуден бастауды ұсынады:

120 градустан асырмау: Күнбағыс майын 120 градустан жоғары қыздырып, қуыруға болмайды. Жоғары температурада бұл майдың құрамындағы заттар бұзылып, ағзаға зиянды канцерогендер бөледі. Тазартылған күнбағыс майын тек дайын тағамдар мен салаттарға қосқан жөн.

Балама ретінде жануар майлары: Тамақ қуыру және пісіру үшін термотұрақты майларды, яғни жоғары температурада бүлінбейтін тоң май, құйрық май немесе қаз, жылқы, тауық майларын пайдаланған әлдеқайда қауіпсіз әрі пайдалы.

Сонымен қатар, медицина мамандары күнбағыс майының ас қорыту жүйесіне әсерін де атап өтті. Асқазан-ішек жолдарында ақауы бар (өт-тас ауруы, панкреатит, гастрит) жандарға қатты қыздырылған майда қуырылған тағамдардан бас тарту қажет. Ал жалпы ағзаға қауіпсіз әрі пайдалы тәуліктік мөлшері — 10–20 грамм (1–2 ас қасық) тазартылмаған өсімдік майы.

Күнбағыс майы өздігінен зиян емес. Оның басты қаупі — жоғары температурада қатты қыздырып қуырудан болады. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға ас әзірлеуде май таңдауға мұқият болу ұсынылады.

Толық нұсқаны көру (NoFakeKZ)
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
08.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda