"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің №4 қалалық емханасында қызметкерлерге арналған семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерінің әрекет ету алгоритмі».
Іс-шара барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіріп, жанжалдың алдын алу, шиеленісті жағдайларда өзін қауіпсіз ұстау және агрессия танытқан пациенттермен кәсіби деңгейде жұмыс істеу тәсілдерін талқылады.
Семинардың мақсаты - медицина қызметкерлерінің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, қызметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пациенттермен өзара сенімді қарым-қатынас орнату.
Осындай оқыту шаралары медициналық көмектің сапасын арттыруға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.