Ғылыми жетістік!
Қор басшысы Баян Ахатай еліміздегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің дамуы бағытында саласында ізденіп жүрген зерттеуші.

Баян Орынбасарқызы мен бірнеше автордың біріккен мақаласы халықаралық ғылыми баспада жарық көрді.

Оқырмандармен сілтемесін бөлісеміз, осы тақырып қызықтырып жүрген болса, тәжірибе, пікір алмасу үшін ұсынып отырмыз.

P/S: Фотода Баян Орынбасарқызы өзінің ғылыми жеиекшісі Нұртазина Роза Ауталіпқызымен бірге.

Нұртазина Роза Ауталипқызы — белгілі қазақстандық ғалым, саясаткер, педагог және публицист,
саясат ғылымдарының докторы, профессор.

Оның кәсіби қызметі мен жетістіктері туралы негізгі мәліметтер:

🏛 Қызметі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) Саясаттану кафедрасының профессоры.

🎓 Білімі мен дәрежесі: Саясат ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін және ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының докторантурасын бітірген.

📚 Ғылыми үлесі: 200-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Зерттеулері Қазақстан, Ресей, Польша және АҚШ-тың жетекші басылымдарында жарық көрген.

🏆 Марапаттары:

  • ҚР БҒМ «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2007)
  • Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері
  • Т. Амандосов атындағы сыйлықтың лауреаты

🤝 Мүшелігі: Қазақстан Журналистер одағының және Ресей саяси ғылымдар қауымдастығының (РАПН) мүшесі.


Қорымыздың іске асырылған жобалары және жаналықтары
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda