Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
тапсырысымен
"Ана мектебі" қоғамдық қоры ашық байқау негізінде Астана қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жобасын жүзеге асыруда.
Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау және аурудың алдын алу үшін Астана қаласында 2026 ж. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "Саламатты Астана" кешенді жоспары құрылып, келісілді.
Жоба наурыз айында басталды. Бүгінге дейін кешенді жоспарға сәйкес дәрістер мен семинарлар, әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, баспасөз беттерінде мақалалар, әлеуметтік желі беттерінде ақпараттар жариаланып, жүйелі жалғасып келеді.
"Саламатты Астана" кешенді жоспары аясында кестеге сай жүзеге асырылған іс-шаралар:
21.09.2026
Астанада жоғары сынып оқушыларына нашақорлықтың алдын алу тренингі өтті.
«№6 қалалық емханада» «Ана мектебі» ҚҚ ұйымдастыруымен ана сүтімен қоректендіру және оны қолдаудағы медқызметкерлердің рөлі туралы семинар-тренинг өтті.