Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
тапсырысымен
"Ана мектебі" қоғамдық қоры ашық байқау негізінде Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жобасын жүзеге асыруда.
Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау және аурудың алдын алу үшін Алматы қаласында 2026 ж. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "Саламатты Алматы" кешенді жоспары құрылып, келісілді.
Жоба наурыз айында басталды. Бүгінге дейін кешенді жоспарға сәйкес дәрістер мен семинарлар, әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, баспасөз беттерінде мақалалар, әлеуметтік желі беттерінде ақпараттар жариаланып, жүйелі жалғасып келеді.
"Саламатты Алматы" кешенді жоспары аясында кестеге сай жүзеге асырылған іс-шаралар:
24.07.2026
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №15 Қалалық емханада "Артериялық қысымыңызды бақылау арқылы өз өміріңізді басқарасыз!» атты кездесу өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Ұзақ өмір сүру орталығында" "Қан қысымын бақылай отырып, өз өміріңізді басқара аласыз!" атты семинар лекция болып өтті.